Алтын арқалаған батыр балалар

0
3742

Ауданымыздағы «Батыр бала» спорт клубы киокушинкай-кан каратэ шығыс жекпе-жегінен жасөспірімдерді жаттықтырып, болашақтарының жарқын болуына ықпалын тигізуде. Олар бұл жерде жаттығып қана қоймай, көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алуда. Атап айтсақ, жуырда осы орталықтың шәкірттері Маңғыстау облысының киокушинкай-кан каратэден ашық республикалық турнирінде де осал еместіктерін дәлелдеп, Жетісу өңірінің намысын қорғап, 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды қанжығаларына байлап қайтты.

Аталған дүбірлі додада 10-11 жас аралығында сынға түскен Дулат Алдашев пен Нұрболат Ерболат алтын алса, 12-13 жас ішінде Медет Әжібек жүлделі 1-орынды жеңген. Ал, 2-орынмен Мейірбек Қанатбаев қайтса, қола медальдарды Ерасыл Ахан мен Алмат Қанатбаев иеленген. Еске сала кетсек, аталған спортшылар ауданымызда өткен «Kaskelen Cup – 2017» біріншілігінде осы жарысқа жолдама алғандар болатын. Ал, ендігі кезекте батыр балаларымыздың бағындырар белесі Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының кубогы болмақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь