Қазақстанда алғаш рет домбыра пішініндегі субұрқағы салынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен аталмыш консерватория аумағында субұрқақтың домбыра пішінінде жасалуы бекер емес. Себебі, домбыра қазақ халқының ұлттық бренді болып саналады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған бұл жоба ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің жақсы бір құралына айналып, әлемге қазақ өнерін таныта түседі– дейді субұрқақтың авторлары Н. Қаныбеков және Н. Қуанышбеков.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 13 маусымындағы жарлығымен, қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында, «Ұлттық домбыра күні» бекітілген болатын. Содан бері еліміз шілде айының бірінші жексенбісінде бұл мерекені атап өтеді. Сонымен қатар, домбырада қазақтың дәстүрлі күйлерін орындау өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне
Ұзындығы – 10,25 метр, ені – 2,85 метр болатын арт-нысан жоғары қысым арқылы су беретін сорғылармен жабдықталған. Домбыраны 40-қа тарта шамдар жарықтандырып тұрады. Мұндай көркем туындының авторлары — Н.А Қаныбеков және Н.Н. Қуанышбеков. Бұл арт-нысан өз жұмысын Алматыдағы субұрқақтар күні, яғни, 25 мамырда бастап, қыркүйек айының ортасына дейін жалғастырады және жыл сайын жаз маусымында қосылып тұратын болады.