[su_custom_gallery source=»media: 8744,8743,8742,8741,8740,8739,8738″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
«Ауыл» халықтық-демократиялық,патриоттық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламент сенатының депутаты Әли Бектаев бүгін Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында орналасқан «Мамед» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысып, еңбеккерлермен жүздесті деп хабарлайды, Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. Кездесуге «Ауыл» партиясының Алматы облыстық филиалының жетекшілері мен өзге аудандық филиалдың белсенді мүшелері де қатысты. Алыстан түйінді мәселерді талқылауға келген меймандарды аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев, Қарасай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаев, аудандық «Ауыл» партияның аудандық өкілеті төрағасы Жанәділ Орынбай және «Мамед» шаруа қожалығының басшысы Ахмед Гасанов қарсы алды. Кездесудың басты мақсаты – жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шағын ауылшаруашылығындағы тауар өндірушілерді қолдауға байланысты жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын мамандар мен шағын кәсіп иелерінің жай-күйін бақылау, осы салаға қатысты дұрыс ақпарат беру. Алдымен, Әли Әбдікәрімұлы және өзге «Ауыл» партиясының мүшелері шаруа қожалығының жай-жапсарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Жалпы, «Мамед» шаруа қожалығы ет және сүт бағытындағы жергілікті «Алатау» асыл тұқымды сиырын өсірумен айналысады. Мұндағы қазіргі таңда 500-ден аса ірі қара бар, оның 120-сы сауынды сиыр. Әр сиыр басына жылдық орташа сүт өнімінің көрсеткіші 6300 литр. Отызға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Негізгі тапсырыс беруші компания – «Food master» су зауыты. Бұдан басқа шаруашылықта шағын өндіріс цехтарында ірімшік, қаймақ, айран секілді сүт өнімдері тапсырысқа қарай өндіріледі. Басқосу барысында елді-мекендердің әлеуметтік ортасын жаңғырту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында сөз қозғалып, ауылдардың инфоқұрылымы, урбанизация және аграрлық сектордағы маман тапшылығы сияқты өзекті өзекті мәселерде талқыға салынды.