Елбасымыздың халық назарына ұсынған соңғы Жолдауы табыс пен тұрмыс сапасының артуына негізделгені белгілі. Бір сөзбен айтқанда қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы басты міндет екенін Мемлекет басшысы айқын атап көрсетті. Жолдау жарияланғаннан бері еліміздің барлық өңірінде насихат, талқылау жұмыстары жоспарлы түрде атқарылуда. Оның ішінде біздің ауданның тұрғындарына да жан-жақты түсіндіруді мақстат еткен жиналыстар жүргізіліп те жатыр. Сондай жиынның біреуін бүгін облыстық мәслихат депутаты Жандулла Әбдімұратов өткізді. Шамалған ауылдық округінде өткен жиналысқа тыңдаушылар ретінде округтік ақсақалдар кеңесінің мүшелері, медицина қызметкерлері, мекеме басшылары және тағы басқа ауыл азаматтары қатысты. Жақында ғана депутат дәрежесін алған Жандулла Суиноллаұлы сөз басында өзін қолдап дауыс берген тұрғындарға алғыс айтып, Жолдаудың бірқатар басымды тұстарына тоқталып өтті. Оның ішінде ұлт саулығын жақсарту, халық табысының өсуі,сапалы тұрмысты қалыптасуға арналған басым бағыттар айтылып өтті. Және де халық қалаулысы кәсіпкер ретінде «Бизнес жол картасы -2020» бағдарламасына да ерекше тоқталды.
Ашық әңгіме арасында облыстық мәслихат депутаты тыңдаушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдайтынын жеткізді.