Ауданымыздың рухани ордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтті

Ауданымыздың рухани ордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтті

Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл ойы мен іс-әрекетінен туындайтын материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл тұрғыда тарихи – мәдени құндылықтарымызды қалпында сақтап, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында жұмыс істейтін мұражай қызметінің мәні зор. Осы ретте кеше ауданымыздың өткен тарихынан сыр шертетін тарихи-өлкетану музейі өзінің 20 жылдық мерейтойын тойлады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданымыздың 90 жылдық тойымен тұмпа-тұс келіп отырған бұл мерейтойға аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы, ауданымыздың жас ақындары, мәдениет пен тіл жанашыры мен аудан тұрғындары қатысты. Мерекелік кеш аясында алдымен келген қонақтар ауданымыздың қолөнершілері жасаған жұмыстары қойылған көрмені тамашалады. Мұнан кейін жиналған қауымның назарына тарихтағы көшпенділер өмірін бейнелейтін әрі тарихи мұрамызбен жақынырақ танысуға ерекше мүмкіндік беретін «Номад» этномәдени орталығының сарбаздарының ежелгі бабаларымыздың жауынгерлік һәм шеберлік өнерін көрсеткен қойылымдары паш етіліп, келушілердің көңілінен шықты. Одан кейін «Тереңге тартқан тамыр» атты салтанатты шара басталып, тұрғындар ауданымыздың өңірпаздарының дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады.

[su_custom_gallery source=»media: 14169,14168,14166,14170,14171″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсеноваға беріліп, ол аталмыш музей қызметкерлері мен директорына аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың құттықтауын жеткізіп, Алғыс хат пен сыйлық табыстады. Сонымен қатар, кеште Мұхамеджан Тынышбаев атындағы облыстық музейдің директорының орынбасары Күләш Балтабайқызы да құттықтау сөз сөйлеп, музей ұжымына Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаевтың атынан Құттықтау грамотасын табыс етті. Бұдан өзге музейдің өсіп-өнуіне, гүлденуіне ат салысып жүрген тұлғалар да сөз сөйлеп, өздерінің ақжарма тілектерін жолдады. Ал, музей директоры Серік Қалиев өз тарапынан оларды рухани орданың дамуына үлкен үлес қосқандары үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

Өңір өнерпаздарының концертіне ұласқан кеште сондай-ақ, ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары олардың қолданған құнды жәдігерлерін аудандық музейге тарту етті.

Тарих пен танымның қайнар көзі болып табылатын, тарих қойнауынан сыр шертеп, ауданымыздың ұлағатты орыны болып саналатын аудандық тарихи-өлкетану музейін 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях