Ауданымызда үгіт-насихат жұмыстары басталды

Ауданымызда үгіт-насихат жұмыстары басталды

20 қараша – кезектен тыс Президент сайлауы. Еліміздің тағдырын шешетін тарихи таңдауға 18 жастан асқан әрбір азамат құқылы. Осы орайда арнайы құрылған облыс пен аудандық қоғамдық штаб мүшелері бүгін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Нақтырақ айтқанда, ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Қаныбек Айтжанов және Илимдар Камилов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті.
Жиын барысында штаб мүшелері Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтып, қойылған сауалдарға жауаптар берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях