Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына Шәріпбеков Бағдат Сәрсенбекұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бағдат Сәрсенбекұлы 1988 жылдың тамыз айында Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Бақалы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

2008-2009 жылдары №12470 әскери бөлімінде борышын өтеген.

2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне» «Құқықтану мамандығына түсіп, оны 2011 тәмамдаған. Сондай-ақ 2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы орта және аға басшы құрамының әртүрлі лауазымдарында істеп бастаған.

Аңығырақ айтқанда, 2013-2020 жылдар аралығында Алматы облысының Қарасай ауданындағы Төтенше жағдайлар бөлімінде аға инженер, бас маман лауазымында болған.

2021-2022 жылдар аралағында Алматы облысының «ӨСжәнеАҚЖҚ» Боралдай бекетінің №13-ӨСБ қарауыл бастығының міндетін, сондай-ақ 2021 жылы Алматы облысының «ӨСжәнеАҚЖҚ» Талғар қаласының №12-ӨСБ аға инженері болып қызмет еткен.

2022 жылы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының техникалық нормалау тобының аға инженер лауазымында болған.

2023 жылдан бастап Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс атқарған.

Әскери атағы – майор, сыныптық біліктілігі 1-сынып «тәлімгер» (шебер).

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях