23 сәуірде партияның кезектен тыс XIX съезі өткізіліп, онда Елбасының ұсынысымен «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде қатысуға Қасым-Жомарт Тоқаев лайық деп танылған болатын. Осы саяси науқанға байланысты аумақтық партия филиалдары жанынан қоғамдық штабтар және ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелері құрылып, өз жұмыстарын бастады. Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспары бойынша аудандық «Nur Otan» партиясының филиалы да іс-шаралардың желілік кестесін даярлап, 13 мамырдан бері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгін жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың аудандағы қоғамдық штаб мүшелері «Чайный центр» ЖШС-гі жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
[su_custom_gallery source=»media: 9789,9790″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жиынды алдымен аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық штабтың жетекшісі Ақшолпан Марат ашып, партия ұсынған үміткердің Президент ретінде алда атқаратын жоспарларымен таныстырды. Одан кейін штаб мүшелері аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, «Баян ауыл» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Жанна Жазықпаева сөйлеп, өнеркәсіп өкілдерін Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі міндеттерді іске асыруға үлес қосуға және «Nur Otan» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға шақырды.
Алдағы уақытта түсіндіру, үгіт-насихат шаралар барысында жергілікті жердегі ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық және ғылыми интелегенция, кәсіпкерлер, жасотандықтар, ауыл тұрғындары, ауылшаруашылығының қызметкерлері, бизнес, білім, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, бір сөзбен айтқанда қоғамның барлық санаттағы азаматтары қамтылатын болады.