Қарасай аудандық мемлекеттік сатып алу бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес Имашев Еділ Ауесханұлы Қарасай ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы лауазымына 2019 жылдың 3 қазанынан бастап, аудан әкімінің №44 өкімімен тағайындалды.
ИМАШЕВ Еділ Ауесханұлы 1982 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы әл-Фараби атындағы Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы:2004-2007 жылдары Қарасай аудандық сотының бас маманы, 2007-2008 жылдары Қарасай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі, 2008-2010 жылдары Қарасай аудандық сотының бас маманы болған. 2011-2013 жылдары Алматы қаласы «Ақпараттық-технологиялық орталық» ЖШС-нің заңгері,2014жылдың маусым және желтоқсан айлары аралығында Қаскелең қаласы «Каспий банк» АҚ-ның сот істерін реттеу жөніндегі жетекші маманы, 2014-2015 жылдары «Каспий банк» АҚ-ның хард коллекшн бөлімінің өндіріп алу жөніндегі менеджері, 2015-2016 жылдары Өндіріп алу департаментінің Қаскелендегі өкілдігінің менеджері, 2016-2017 жылдары Өндіріп алу департаментінің Қаскелендегі өкілдігінің директоры, 2017 жылдың қантар және шілде айы аралығында өндіріп алу департаментінің Қаскелендегі өкілдігінің менеджері қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.