Аудандық әкімдікте жаңа басшылар жауапты қызметке орналасты

Аудандық әкімдікте жаңа басшылар жауапты қызметке орналасты

Қарасай аудандық әкімдігінің лауазымдық қызметтеріне бүгін жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Санитарлық талапқа сай өткізілген жиында аудан әкімі Жандарбек Далабаев жауапты қызметке тағайындалған жаңа басшылардың негізгі міндеттерін айқындап, бүгіннен бастап атқаратын қызметтерімен таныстырды. Нақты айтар болсақ, осы уақытқа дейін кәсіпкерлік бөлімінің басшысы міндетін атқарып келген Ильяс Қалиев енді Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқаратын болады. Ильяс Еділұлы еңбек жолын 2011 жылы Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде қызметін бастаған. 2017 жылға дейін Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болды.

[su_custom_gallery source=»media: 28201,28199,28200″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Тағайындауларға арналған жиын барысында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің жаңа басшысын да таныстырды. Бұл лауазымдық қызметке 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық әкімдіктегі бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келген Динара Суимбаева тағайындалды. Жаңа басшы – Динара Бақытқызының қызметтік жолы 2012 жылдан басталған. 2013 жылға дейін Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының компьютерлік бағдарламалар операторы міндетін атқарса, аталған әкімдікте 2014-2018 жылдары аралығында жетекші маман, кейін бас мамандық міндеттерді мүлтіксіз орындады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях