Егемен еліміздің жарқын болашағы еңсесі биік, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Яғни, білімпаз ұрпақ, талапты түлектерге артылар үміт те үлкен. Бүгін осындай, қатарластарының алды болып, мектепті үздік аяқтаған «Алтын белгі» иегерлерін аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы марапаттады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған Жандарбек Ермекұлы мәңгілік елдің саналы да тәрбиелі жастарын дайындауға қазыналы Қарасай жері де өзіндік үлес қосып, биылғы оқу жылында 59 оқушы «Алтын белгі», 54 оқушы «Үздік аттестат» иегері, 36 озат оқушы облыстық және республикалық пән олимпиадаларындың жеңімпазы атанып аудан абыройын асқақтата түскенін тілге тиек етіп, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты шара барысында түлектер құралған топ болып білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектептеріне ән арнап, ыстық ықыластырын білдірсе, ал, кейбірі алғыстарын әдемі тілектермен білдіріп жатты.
[su_custom_gallery source=»media: 10574,10575,10576,10577″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Сондай-ақ, «Қалбибі өнер студиясының» шәкірттері де әуелете ән шырқап, кештің көркін одан әрі аша түсті. Мерекелік кештің соңы түлектердің тебірене билеген қоштасу вальсімен түйінделді. Соңынан барлығы бірігіп, түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырып, түлектерге арналған арнайы отшашу болды. Сөйтіп, тағы да бір буын көңілдегі мол арманмен алдыларынан тосып тұрған өмір жолына аяқ басты…
Атаулы шара аудан мектептеріндегі бітіруші түлектерге арналған мерекелік кешке ұласты.