Аудандағы оқушыларды тасылмалдайтын автобус тоқтағанына 2 апта болды

0
719

«Асыл арман» тұрғын үй кешенің оқушылары екі аптадан бері Кемертоған ауылындағы мектепке ақылы түрде қатынап оқуда. Оның себебін аудандық білім бөлімі түсіндірді, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Қарасай ауданының кейбір ауылдарының ішінде мектеп жоқ болғандықтан аудандық білім бөлімі арнайы автобустар бөліп, көршілес ауылдарға тасымалдап оқытатын айта кету керек. Соңғы екі апта бойы «Алматы-Бішкек» күре жолының бойында орналасқан  «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің оқушылары әбігерге түсіп келеді. Оған себеп осы бағытта жұмыс істейтін көліктер өз жұмыстарын тоқтатқан. Ата-аналар қауымы  «балаларымызды таситын автобустар мүлдем тоқтап қалды ма?» деп алаңдаулы. Дәл осы сауалдарды аудандық білім бөліміне жолдаған едік. Берген мәліметке сүйенсек, автобустар 1 сәуірден бастап  оқушыларды қайта тасымалдайды. Келеңсіз жағдайдың орын алуына өткен жылғы тапсырыс орындаушылармен келісім шарт аяқталған соң, жаңа тасымалдаушыларды анықтау кезіндегі конкурстың  техникалық ақауларға байланысты дұрыс өтпеуі себеп болыпты. Қазір уақытта екінші конкурс өткізіліп, нәтижесінде оқушыларды тасымалдаушы ретінде «Абдибаев», «Даулетхан», «Дүйсенов» сынды жеке кәсіпкерлер анықталған. Айта кету керек, Қарасай ауданы бойынша 6550 балаларды білім бөлімі тасымалдап оқытады, оның 1000 аса оқушы асылармандық.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь