Жуырда аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда аудан әкімі Жандарбек Далабаев «Ауданның 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» және мемлекеттік қызмет бойынша 9 айдың жұмысына қатысты есеп берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Аудан басшысы Қоғамдық кеңес алдындағы өз есебінде осы мерзім ішіндегі аудан экономикасының дамуы, әлеуметтік саласының ілгерілеуі және тағы басқа өзекті мәселелер жайында жан-жақты баяндап, атқарылған ауқымды істерді атап көрсетті. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 221,1 млрд. теңге, ауылшаруашылығы өндірісінің көлемі 40,6 млрд. теңге болған.
Негізгі капиталға 79 млрд. 936 млн. теңге инвестиция тартылған. 136,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 50,3 млрд. теңгені құраған.
Жобалау құны 9,1 млрд.теңгені құрайтын республикалық маңызы бар Алматы-Бішкек тас жолында орналасқан «Алтын орда» базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 5,5 млрд. теңгені игеру көзделуде.
[su_custom_gallery source=»media: 13252,13250,13253″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет бойынша 9 айдың жұмысы жайлы айтылып, оған қатысты есеп те берілді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында да көп істер атқарылған. Үш ауысымды мектептерді жою бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
Басқосу барысында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінің есебін мұқият тыңдап, сұрақтарын да қойды.