Қаскелең қаласында орналасқан С.Керімбеков атындағы орта мектебі бүгін ауданымыздың өзге білім ордалары сияқты Білім күні мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Биыл 211 бүлдіршін табалдырығын аттаған мектептің мерекелік шарасына аудан әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Еліміздің Гимні қалықтап, көк туы көкте желбіреген салтанатты шарада аудан басшысы білім ордасының алғашқы қарлығаштарына жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, атаулы күнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, барлық оқушыларға алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.
Алғашқы қоңырау салтанатында оқушылар өздерінің жақсы дайындықтарын көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашып, ел қошеметіне бөленіп, көпшіліктің көңілін көтерді.