Ауданда алқа билер кеңесі құрылмақ

Ауданда алқа билер кеңесі құрылмақ

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқа билер институтын енгізу — заман талабына сай қажеттіліктердің бірі. Аталмыш жайт елімізде республика деңгейінде көтеріліп, аймақтық заң билігіне билер кеңесін құру туралы тапсырма берілді. Бүгін осыны негізге алған аудандық соттың төрағасы Мәди Көшікбаев аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында дөңгелек үстел өткізді. Алқалық жиынға аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат, мәслихат хатшысы Айтбай Көшкімбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов, Қаскелең ардагерлер кеңесінің  төрайымы Несіпбала Әбділдаева және аудан ақсақалдары әрі  құрметті азаматтары  Мәкен Ахметов пен Аян Айтжанов қатысты. Алдымен, Мәди Жаубасарұлы аталған алқа билер кеңесінің сот жүйесіндегі  ықпалы мол екенін  толығымен айтып өтті. Осыған байланысты жиынға қатысушылар ауданымыздағы билер кеңесін қалай құру керектігі жөнінде ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Басқосудың соңында аудан әкімі, қоғамдық ұйымдар және округтік ардагерлер төрағасының қатысуымен өтетін жиналыс ұйымдастыру ұсынылды. Бұл ұсыныс сот төрағасы жағынан бірден қолдау тауып, басты назарда болатыны жеткізілді

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях