Аудан жастарына қандай мүмкіндіктер қолжетімді?

Аудан жастарына қандай мүмкіндіктер қолжетімді?

 «Бастау Бизнес» жобасы,  «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Жасыл ел» жасақтары, «Ұрпақтар келісімшарты»  сынды бағдарламалар біздің ауданда да қолжетімді.   Мұндай мүмкіндіктер жайлы қарасайлық жастар біледі ма? Бүгін орталық кітапханада кәсіп ашуды жоспарлаған, жұмысқа орналасқысы келген жергілікті қыз-жігіттердің сұрағына арнайы мамандар жауап беріп, аталған бағдарламалардағы өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Жиынды аудандық Жастар ресустық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова бастамасымен ұйымдастырылды. Жастарға кәсіп дөңгелетуге үлкен мүмкіндік ұсынатын жобалардың бірегейі – «Бастау бизнес». Аталған жобаға кімдер қатыса алады және оның шарттары мен өзгерістеріне қатысты «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының менеджері Елена Константинова нақтылы мәлімет берді. Биыл «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары тағы онлайн оқиды. Оқу 2022 жылғы наурыздың соңында басталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, аталған бағдарламалардың биылғы жылғы ерекшеліктерінің қатары жастарға берілетін гранттың 200 АӘК-тен 400 АӘК-ке, яғни, 1 225 200  теңгеге көтерілуімен толықты. Қайтарымсыз қаржыны 29 жасқа толмаған жұмыссыз жастарға алуға болады.  Ал, биыл «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында бес жас маман жіберілген, «Ұрпақтар келісім шартты» бойынша төрт азамат жұмысқа орналастыру жоспарланды. Бұл жайында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Абылай  Зуайда ақпарат берді. Оның айтуынша, аталған  мекемеге 638 жұмыссыз азамат жүгінген 81-і азамат жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады,  300 азамат жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу үшін ұсыныстарын білдірді. «Жасыл ел» жасағы бойынша биылғы жылы жұмысшы топ құрамына 30 жас қабылданып, қарқынды жұмыс жасауда. Еріктілерді негізінен студенттер мен мектеп оқушылары құрайды. Бір қуантарлығы «Жасыл ел» жасағының еңбек ақысы бұрын 30 мың теңгені құраса, қазіргі таңда 50 мың теңгеге дейін өскен.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях