Аудан жастары ардагерін ардақтады

Аудан жастары ардагерін ардақтады

Халықаралық қарттар мерекесіне орай бүгін ауданымыздың жастары Қаскелең қаласындағы ардагердің үйіне барып, хал-жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бүгін халқымыздың асылы әрі ардақтысы болып саналатын қарттарымыздың мерекесі. Осыған орай біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпірінде қарияларға арналған іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан оларға көмек көрсетілуде.

Осы айтулы күнді біздің ауданымыздың жастары да елеп, ескеріп, еріктілермен бірігіп, бүгін «Ардагерлерді ардақтайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Оның барысында жастар Қаскелең қаласындағы тыл еңбеккерінің үйіне барып, апамыздың сол ауыр жылдары басынан өткізген жайттары туралы әңгімесін тыңдап, қал-жағдайын біліп қайтты. Сонымен қатар, олар әжейдің үйінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, азық-түлік себетін табыс етті.

Халқымызда «Қартын сыйлағаннын қасиетті артады» деген ұлағатты сөз бар. Қарттары бар ел – қазыналы ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау кездерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях