Аудан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін аудан әкімі Жасұлан Естенов аудан әкімі аппаратына жаңадан тағайындалған орынбасарын Нұрлан Төлепбергенді таныстырды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

 Нұрлан Асқарұлы 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шымкент қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «құрылыс», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2015-2018  жылдары «Altyn LTD» ЖШС-гі директорының орынбасары ретінде бастап, 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасында жайлы қалалық орта бөлімінің бас маманы ретінде еңбек еткен.

2020-2022 жылдары Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының сметцик инспекторы, Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Сарыарқа және Байқоңыр аудандары инспекциясы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2022-2023 жылдары Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының құрылыс және перспективалық жоспарлау бөлімінің, қоғамдық кеңістік дамыту бөлімінің бас маманы, 2023-2024 жылдары Астана қаласының құрылыс басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген.

2024 жылдың 30 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Семей қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях