Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалында Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Сатубеков кестеге сәйкес екі азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Атап айтқанда, олар көшелеріне су құбырын өткізуге және төлқұжаттарын рәсімдеуге қатысты болды. Бұл қабылдауға, сонымен қатар, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек, АХАЖ бөлімінің басшысы Қарлыға Мұхаметбайқызы және «Қарасай су құбыры» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жеңіс Бектасов қатысты. Азаматтардың сұрақтары толық қаралды. Аудан басшысының орынбасары Нұржан Алмабайұлы барлығына заң аясында жауап беріп, мәселелерін назарға алатындығын айтты.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать