Аудан әкімінің кубогы үшін

0
2749

Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына орай, атаулы күн қарсаңында Үшқоңыр ауылында, аудан әкімінің кубогына арналған бірнеше спорт түрінен жарыс өтті.  Волейбол (ерлер-әйелдер), стол теннисі, шахмат, шашка, шағын футбол, баскетбол (ерлер), тоғызқұмалақ сияқты ойындардан ұйымдастырылған жарысқа 11 қала, ауылдық округ командалары қатысып, жалпы командалық есепте I орынды Қаскелең қаласының, II орынды Жаңашамалған ауылдық округінің, III орынды Ұмтыл ауылдық округінің командалары иеленді. Жеңімпаздар медальмен, дипломмен және кубокпен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь