Аудан әкімінің қабылдауында

Аудан әкімінің қабылдауында

Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан басшысы Жандарбек Далабаев тұрғындарды қабылдап, олардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, аландатқан мәселелерінің шешілуіне көмек көрсетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй мәселесін алға тартса, бірқатары жер және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жүгінді. Атап айтар болсақ,  Қаскелеңде тұраты Камиля Джанизакова  Қазақстан Республикасының азаматығын ала алмай жүргеніне біраз болыпты. Оған себеп жинаған құжаттарының уақыты өтіп кетуі. Аудан әкімі азаматты толықтай тыңдаған соң, шешілмеу себебін анықтауды  аудандық көші-қон инспектрына жүктеді.  Ал,  Жамбыл ауылының тұрғыны Нұрзада Каскадамова қанша уақыттан бері сусыз отырғанын айтып шағымданды.     Қазіргі таңда ауданымызда су құбырлары жаңартылып жатқанын айтқан аудан басшысы  осы көктемде жөндей жұмыстарының бітетінін жеткізді. Жазбаша жауап беруді  аудандық тұрғын үй коммуналдық және тұрғын үй шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Нағашыбаев тапсырды.  Одан кейінгі Жаңатұрмыс ауылынан келген Нелли Пактың қоқыс шығаратын мекемеге көңілін толмайтынын айтып, жол мәселесін де қозғады.  Келген азаматшаның қоқыс шығаруға қатысты сауалын Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаевқа шешіп беретін болды.

Жиын барысында тұрғындардың бірқатары аудан әкімінің осы уақытқа дейін атқарған еңбегіне, көптеген іске ықпал еткеніне алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді. Шешімі бар мәселелерге қатысты жауабын сол жерде берсе, кейбірін өзінің орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына табыстады.

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях