Аудан әкімі қаржыгерлерді құттықтады

Аудан әкімі қаржыгерлерді құттықтады

Жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне орай, бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев қаржы саласының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан бірқатар мамандарды марапаттады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Кеше, яғни, қараша айының 15-і күні елімізде Ұлттық валюта – теңге күні мен еліміздің қаржы саласының мамандарының кәсіптік мерекесі атап өтілді. Қазақстан тарихында маңызды атаулы күнге арналып бүгін әкімшіліктің мәжіліс залында салтанатты шара өтіп, оған өңірдегі барлық қаржы саласының басшылары мен мамандары жиналды.

Басқосу барысында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы жиналғандарға еліміз тәуелсіздік алған уақытынан бастап осы кезге дейін ауданымыздың жеткен жетістіктері жайлы, әсіресе, соңғы жылдары көтерілген ауданымыздың экономикасы туралы айтып, бұған қаржы саласының мамандарының қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Аталған сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, оларға Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, аудан басшысы бірқатар сала үздіктерін облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Мереке қарсаңында, осылайша, қаржы тайқазанының тұрақты дамуына зор үлес қосып жүрген мамандық иелері облыс және аудан әкімінің марапатына ие болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях