Аудан басшысы елтайлықтардың өтініштерін тыңдады

Аудан басшысы елтайлықтардың өтініштерін тыңдады

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев халық алдында кезекті есеп беру кездесуін Елтай ауылдық округінде өткізіп, оған облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Жапаров арнайы келіп, қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

[su_custom_gallery source=»media: 15447,15446,15445,15444,15443,15440″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Аталмыш округте аудандағы кәсіпорындардың басым бөлігі орналасқан. Соның арқасында ауыл халқының көпшілігі мен басқа да округ тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етілуде екенін айта кеткен жөн. Бұл жайт ауылдастар санының күрт өсіп, өз кезегінде әлеуметтік мәселелердің пайда болуына әкелген. Осыған қатысты аудан әкімі жұртты мазалап жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, өз ойын білдірді. Алдымен қаратөбелік  Нұржамал Төлеп  ауылындағы табиғи газ бен дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы, ауызсудың ағынының баяулығы мен сапасының нашарлығына қатысты мәселелерді көтерді. Көгілдір отынның ол аумаққа  ағымдағы жылы жүргізілетіні жөнінде «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ  президенті Айна Сексенбаева  жауап берді.  Ал, 2021 жылы ауданда жеті бірдей   дәрігерлік амбулатория салынбақ. Оның ішінде Қаратөбе ауылы да бар. Қазіргі таңда олардың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалу үстінде. Бәсекеге қабілеттілікті артыру мақсатында ауызсумен қамтамасыз ету қоймалары жекеменшік иелеріне берілген.  Елтай округін сумен «Жетісу» ӨК басқармасы қамтамасыз ететін болғандықтан, басшысы Жанат Исағұлов ауылдардағы құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыруға сөз берді.  Келесі тұрғын Әлия Сәтпаева жұбайымен бірқатар қайырымдылық істерді атқарып жүрген   еріктілер екен. Олар биылғы Волонтерлер жылында өздері сынды белсенді азаматшаларға қандай қолдау болатынын сұрады. Ал, өткен жылғы кездесуде  Сабырхан Құралбаев есімді азамат  ауылдастарымен бірге стадион салуға жекеменшік жерлерін мемлекетке беруге дайын екендерін айтқан еді. Енді ағымдағы жылы сол ел игіліне берілетін аумақты құжаматтамасын тіркеуге көмек сұрады. Жандарбек Ермекұлы аталған азаматтарды игілікті істерін өзгелерге үлгі етіп, өтініш-тілектерін  назарына алды.

Елтай ауылында  жоғарыда айтылғандай  ірі кәсіпорындар көптеп орналасқандықтан, электр қуаттылығына әсерін тигізуде. Бұл дегеніміз әлсіз жарықтану жағдайын туғызатыныны анық. Аталған мәселе биыл округте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде салынатын «Көкөзек» электр қосалқы станциясының құрылысы аяқталған соң шешілетін болады.  Ал, көшелерге тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Жандарбек Ермекұлының  Елтайдағы есептік кездесуінде  көтерілген мәселелердің басым көпшілігі  жиын барысында шешімін тапты, қалғандарының орындалуын қадағалау тиісті мекеме басшыларына тапсырылды.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях