Аудан басшысы алғашқы есептік кездесу өткізді

Аудан басшысы алғашқы есептік кездесу өткізді

Әр жылдың басында барлық облыс, аудан, қала әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері өтетіні белгілі. Аудан әкімі Жандарбек Далабаев та бүгін Елбасының туып-өскен ауылындағы Шамалған қазақ орта мектебінің мәжіліс залында өзінің алғашқы есеп беру кездесуін өткізді. Күн тәртібіне сәйкес аудан басшысы өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен алдағы жылдың міндеттеріне кеңінен тоқталды. Жиынға аудан басшысымен бірге оның орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен тиісті қызмет басшылары, ауданның кәсіподақ ұйымының, қоғамдық кеңестің төрағалары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Өз баяндамасында аудан әкімі 2018 жылда жеткен жетістіктерді сөз етіп, алдағы жоспарлы міндеттерді айқын атап көрсетті.

Жиын барысында жарыссөзге жазылған жандардың өтініштері мен ризашылықтары да айтылып жатты. Одан бөлек, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, кеңінен талқыланды. Әсіресе, көптің көкейінде жүрген газ, су, жол, жарық жүйесі мен медицина саласына қатысты сан сауалдар қойылып, оған тиісті бөлім басшылары жауап берді.

Кездесу соңында ақсақалдар ауыл халқының атынан аудан басшысының атқарып жатқан істеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

[su_custom_gallery source=»media: 7124,7123,7122,7121″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях