«Атамекен» ҰКП Қарасай ауданы бойынша филиалында жаңа басшы

«Атамекен» ҰКП Қарасай ауданы бойынша филиалында жаңа басшы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қарасай ауданы бойынша филиалын жаңа басшы басқарады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аталған мекеменің директоры лауазымына Қарасай жерінің тумасы, осы қызметте тәжірибесі мол Дәурен Кенжекеев тағайындалды.

Дәурен Марсұлы – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының тумасы. 1993 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясын бітірген. 2015 жылы  «Нархоз» универитетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару»  мамандығы бойынша білім алса, 2018 жылы  Тараз инновациялық-гуманитарлық универитетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ал 2023 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Дәурен Кенжекеев еңбек жолын 2016 жылы Қарасай  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші маманның міндетін атқарушы ретінде бастаған. Одан кейін осы мекемеде бірнеше жыл жауапты қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, өндірістік емес төлемдері және кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу бөлімінің бас маманы, одан кейін осы бөлімнің, сондай-ақ салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Ал 2022 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы облысының Іле аудандық филиалының директоры қызметін атқарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях