«Nur Otan» партиясы ұсынған үміткердің ауданда үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Алдымыздағы президенттік сайлауға «Nur Otan» партиясы атынан кандидат ретінде қатысатын Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандан құрылған қоғамдық штабы желілік кестеге сәйкес өз жұмыстарын жүргізуде. Үгіт-насихаттау шарасы бойынша кезекті жүздесу Шамалған ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Кездесуде алдымен сөйлеген аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық штабтың жетекшісі Ақшолпан Марат ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының тұғырнамасымен жұмыскерлерді таныстырып, оның бүгінгі туған күніне орай құттықтауын да білдірді. Кандитаттың белсенді әлеуметтік саясатқа ерекше мән беріп, жалғызбасты және көп балалы аналарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге қолдау көрсету саясаты да міндетті түрде жалғастыратынын да айтып өтті. Бұған қатысты өзге штаб мүшелері өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.
[su_custom_gallery source=»media: 9866,9867″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасындағы бизнесті қолдау және дамыту жүйесін модернизациялау басым бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген еді. Бүгін түстен кейін осы бастаманы айқындай түсіндіруге аталмыш партияның аудандық штаб өкілдері Қаскелең қаласында орналасқан «Coppa Italia» ЖШС-ге бет бұрған еді. Мұндағы жиынды да Ақшолпан Қайратқызы ашқанан кейін, штаб мүшелері Сағат Мәсімақынов, қоғам белсендісі Баян Әбдікәрімова үміткердің отбасы мен еңбек жолы жайлы кеңінен ақпарат берсе, ал, «Каскелен-Ж» ЖШС-нің басшысы, аудандық мәслихат Жеңіс Бектасов пен «Дәулет-Серпін» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Жалғасқан Доңбаев оның кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін мемлекеттік қолдау бағдарламаларына көңіл бөлуді жолға қойып отырғандығын сөз етті. Сонымен қатар, жиын барысында кәсіпорынның қызметкерлеріне Қ.Тоқаевтың «Birge» жалпыұлттық акциясы аясында ұсыныс-тілектерін жазуға арналған сауалнама парақшалары таратылды. Басқосу соңында олардың барлығы арнайы қорапшаға жинақталған соң Ақшолпан Қайратқызы өтініштердің әрқайсысы алдағы уақытта ескерілетіндігін айтты.
[su_custom_gallery source=»media: 9868,9869,9870,9871″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]