«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің маңындағы заңсыз саудагерлерге айыппұл салынды

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің маңындағы заңсыз саудагерлерге айыппұл салынды

«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында соңғы уақыттарда көбейіп кеткен заңсыз сауда орындарына байланысты жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған комиссия мүшелері рейд жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгінде ауданымызға қарасты Іргелі ауылдық округінде орналасқан «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде көптеген заң бұзушылықтар орын алуда. Оның себебі, тұрғын үй кешеннің айналасында, ішінде тұрғындарға қолайсыздық тудырып отырған заңсыз сауда нүктелерінің көбеюі. Өз артарын жинамай, айналасына қоқыстарын тастап, жүруге кедергі келтіретін саудагерлерден әбден шаршаған кешеннің тұрғындары аудан әкімдігіне шағымданып, хат жіберген. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы бастаған, жергілікті билік және құқық қорғау органдарының өкілдерінен құралған комиссия мүшелері бүгін заңсыз сауда орындарында рейд жұмыстарын жүргізді.

Оның барысында кешенге кіретін жолдың бойында жеміс-жидектер, көкеністер мен ет өнімдерін сатып отырған саудагерлерге заң аясында бұлай саудамен айналысуға болмайтындығы түсіндіріліп, ескертулер жасалды. Сондай-ақ, тиісті құжаттары бар болсада, сауданы санитарлық талаптарға сай емес жасап отырған бір саудагерге әкімшілік құқық бұзушылық заңының 204-бабына сәйкес 5 МРП көлемінде айыппұл салынып, үш саудагердің сауда нүктесі жабылды.

Рейд соңында аудан әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғазиз Малдыбаев барлық саудагерлерге егерде осындай құқықбұзушылық қайталанса салынатын айыппұлдың көлемі көбейіп қана қоймай, сондай-ақ, жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертті.

Тағы бір айта кетерлігі, мұндай рейд жұмыстары кеше Алматы-Жандосов-Беймонақ, Алматы-Бішкек, Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолдарының бойында да жүргізіліп, заңсыз сатушыларға ескертулер жасалып, 15 хаттама толтырылған болатын.

Заңсыз сауданы тоқтату мақсатында жүргізілетін мұндай жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отыратын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях