Алматының іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын кешенінің халқы айта-айта шаршаған бір ғана мәселе бар. Ол – мектеп. Бұл жердегі білім ошағының құрылысы 2021 жылы басталған. Бірнеше жыл өтсе де мектептің бой көтеруі ұзаққа созылып кетті. Біз жалпы дәл осы «Асыл арман» мектебі бойынша бірнеше рет жазып, жалпақ жұртқа жария еткенбіз. Нысанның аумағына әр барғанымыз сайын құрылысқа тапсырыс беруші компания басшылығы тарапынан түрлі жауап естіп келеміз. Осы апта тағы да «Advennto» ЖШС-нің директоры Ержан Майлыбаевпен жолығып, ғимараттың келешегіне қатысты мән-жайды білдік.
«Асыл арман» мектебінің құрылысы қашан бітеді? (Видео)
