Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов «Асыл армандағы» мектеп мәселесін шешу үшін бүгін құрылысқа жауапты мердігер мекеменің басшысымен кездесті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Алматының іргесінде орналасқан «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің басты мәселесі – мектептің жоқтығы. Бүгінгі таңда мұндағы оқушылардың көбісі Кемертоған ауылындағы мектепке барып білім алады. Ал басқа балаларды ата-аналары өздері Алматы мен Қаскелеңге апарып оқытуда.

Өзекті мәселе Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тікелей бақылауында. Бүгін аудан басшысы аталмыш білім ошағының қазығы қағылған жерге келіп, оның жай-күйімен танысты.

Былтыр құрылысы басталып тоқтап қалған нысанның бүгінгі жағдайын осы мектептің толықтай бітуіне жауапты «Advennto» ЖШС-нің басшысы Ержан Майлыбаев айтып берді. Жұмыстың неліктен тоқтап қалғанын түсіндіріп, аяқсыз қалған мектептің құрылысы қашан жанданатынын жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь