«Астана Балет» труппасы Талдықорғанда

«Астана Балет» труппасы Талдықорғанда

Жақында Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында «Астана Балет» театры Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мəдениет үйінде өнер көрсетті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген концерттің мақсаты – көрермендерге ұлттық және әлемдік хореография өнерінің үздік үлгілерімен  таныстыру еді.

Жалпы, екі күндік гастрольдік сапардың алғашқы күнінде көрермендер назарына неоклассика шедеврі Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен отандық балетмейстер Мукарам Авахридің «Жусан» спектаклі ұсынылды. Қос қойылым да мінсіз стиль мен ғажайып хореографиясымен ерекшеленді.       Ал, бишілер  «Арулар», «Ақ қыз», «Қыз қайың», «Сый-сияпат», «Кербез сұлу», «Балбырауын», «Әсем Қоңыр» атты шығармаларда өнер көрсетті.

«Серенада»  спектаклі «Астана балет» театрының сахнасында алғаш рет Джордж Баланчин қорының қолдауымен қойылып, хореографтың мәнері мен техникасының стандарттарына сай жасалынған. Баланчин қойылымында сахна минимализмі, атап айтқанда, қарапайым костюмдер, жеңіл декорациялар басым. Ең бастысы музыка мен бидің үндестігіне не қойылған. «Астана Балет» театрының әртістері өздері үшін де тың хореографияда әсем де асқақ биді, пластикалық суреттің нақтылығын паш етіп, неоклассика шедевріне жан бітірді.

Әрбір хореографиялық композиция көрермен қошеметіне бөленді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях