Біреуге жақсылық жасау үшін асқан күштің, аста-төк байлықтың қажеті жоқ, жәй ғана адам бойында мейірімділік пен жанашырлық, түзу ниет болса жеткілікті. Барлығы содан басталады. Бұлай сөз айтуға халық арасында «Зағиптар қоғамы» деп аталатын Қаскелеңдегі ықшам ауданның тұрғыны, көру қабілеті нашар Асқар Тюльбаевтың өтінішін жерге тастамаған қайырымды жанның атқарған ісі себеп болып отыр. Аталған ықшамауданда басым көпшілігі зағип жандар тұрғандықтан, айналасы олардың ыңғайына қарай жасалса құба-құп болар еді. Аталған аймақта орналасқан екінші үйдің бірінші, екінші подъездердің сыртқы жағында орналасқан шатыр кішкентай әрі ескі болғандықтан, жаңбыр жауған кезде дәліздің ішінен қарап кіріп кете беретін. Сонымен қатар, бесінші үйдің айналасындағы зағип жандардың бағыттан шатаспау, құлап қалмауы үшін орнатылған темір бағаналары ескеріп кеткен, одан қала берді жолдан алыс орналасуы көптеген тұрғындарына ыңғайсыз болатын. Осы мәселелерді Асқар ағамыз қайырымды жанға жеткізеді. Өзін «Ж-Каскелен» ЖШС-нің мекемесінің қызметкері деп таныстырған Ержан Бакиев есімді азамат айтқан өтініштерді көп уақыт өткізбей орындайды. Шатырды жабуға, темірді орнатуға барлық құрылыс материалдары мен жұмысшылардың бәрін өз қаражаты есебінен төлейді. Қайырымды жанның бұл атқарған жұмысынан аула тұрғындары дән риза.
Қаскелендегі «Зағиптар қоғамына» қайырымды жан көмек көрсетті (Видео)
3700
0
Сағат 20.10: Алматы облысында халықтың 60,03% сайлауға келді
Соңғы деректерге сәйкес Алматы облысында халықтың 60,03% дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023...
Ұлы Отан соғысының ардагері ел қатарлы таңдау жасады
Бір ғасырлық ғұмырдан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш Абдраимов бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Қарасай ауданының орталығы...
Сайлау күні сәбилер өмірге келді
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден...
Чтобы наш Казахстан процветал
Жительница города Каскелен Валентина Казакова пришла на свой избирательный участок, прихрамывая, но в приподнятом настроении, передает Naqty.kz.
Бабушке 81 год. В Каскелене живет она вот...
Ауданның Құрметті азаматы саяси реформаға қолдау білдірді
Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылының тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы, өлкетанушы Орынбасар Жәнаділ №498 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ардагер-ұстаз Орынбасар...