Қаскелең зағиптар қоғамы гүлдер мен құлпынайлар өсіреді  

Қаскелең зағиптар қоғамы гүлдер мен құлпынайлар өсіреді   

  Қаскелеңдегі «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны аумағында Мейрамбек Сыдықовтың жетекшілігімен бірқатар өндіріс орындары құрылған. Атап айтқанда,  бұл жерде медициналық мекемелер мен әскери бөлімдерге кір жуу қызметі көрсетіледі,  көрпе, төсек-орын тігумен айналысады,  оған қоса,  гүлдер және құлпынай өсіруді қолға алған, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілішісі.

Аталған қоғамдағы кеңсе-менеджері Назим Нүсіпалиеваның айтуынша, жылыжай  2019 жылы Қазақ зағиптар қоғамы басшылығының қаржылай қолдауымен салынған. 2500 шаршы метр аумақта алғашында қияр, қызанақ, гүлдер өсірілген. Бірақ, электр қуатының жиі өшуінен, мұндағы көкөністер зардап шегіп, кәсіпорын шығынға ұшырады.  Сондықтан олар тек бір жылдық гүлдерді ғана себуді жөн санапты. Айта кетерлігі, мұнда петуния, сурфиния, бегония, сальвия, газания, герань, мариголдтар, колеус, катарантус және т.б. оннан астам гүлдің түрі өсіріледі.

Жалпы, аталған  зағиптар қоғамында 23 адам жұмыс істесе, олардың 51 пайызы – көзі нашар көретін азаматтар. Алтауы жылыжайды қарау үшін бекітілген.  Светлана Каримованың жетекшілігімен  олар гүлдер мен құлпынайлар  өсірумен, суғарумен, арамшөптерін жұлумен айналысып,  содан кейін тапсырыстарды жіберуге дайындайды.

Светлана Камалқызы аталған зағиптар қоғамында маман,  өзі алты жыл бойы Алматыда орман шаруашылығын пайдалану бөлімінде жұмыс істеді. Алғашында қарапайым жұмысшы ретінде бастап, кейін бригадир болды. Жинаған тәжірибесі оған өзінің туған жері Қаскелеңдегі зағиптар қоғамындағы жылыжайында сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік берді.

Жылыжайда өсірілген өнімдер мемлекеттік сатып алулар арқылы сатылады. Әсіресе, гүлдерді мектепке дейінгі және басқа да мекемелер аумақтарын абаттандыру үшін алады.  Мұнда жылына орта есеппен 400 мыңнан астам гүл егіледі.

Осылайша, Қаскелеңде Қазақ зағиптар қоғамы көзі нашар көретін азаматтарды жұмысқа орналастыруға да, еліміздің әртүрлі аймақтарын абаттандыру мен көгалдандыруға да өзінің лайықты үлесін қосуда. Бір айта кетерлігі, мұнда өсірілген гүлдер Қарағанды ​​мен Шымкентке, Ақтау мен Атырауға дейін жіберіледі.  Ал, негізінен Алматы қаласы мен Алматы облысын гүл өнімдерімен қамтамасыз етуде.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях