Қарасай ауданында өткен қала және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы бойынша нәтиже шықты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Күні кеше Қарасай ауданы бойынша бір қала және төрт ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткені белгілі. Осы жолы үміткерлердің саны бұрынғыдан қарағанда көбірек болғанын айта кету керек. Олардың көбісі өзін-өзі ұсынғандар болды.
Сонымен Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, халықтың ең көп сеніміне ие болған үміткерлердің нәтижесі төмендегідей:
Асқар Мұқашев – 55,43% (Қаскелең қаласы);
Ержас Тоқтасынов – 78% (Шамалған ауылдық округі);
Елдос Мұқатаев – 71% (Бірінші Май ауылдық округі);
Еламан Өмербаев – 52% (Жамбыл ауылдық округі);
Елжан Туленбаев – 48% (Райымбек ауылдық округі).