Қаскелеңдік мүгедекке ауыз су тартылды

Қаскелеңдік мүгедекке ауыз су тартылды

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, талай қайырымды істерге себепші болып жүретін қала әкімі Асқар Мұқашев бұл жолы да тағы бір көмекке мұқтаж жанның алғысына бөленді.
Әзім Қуатбай – Қаскелең қаласының тұрғыны, І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Бүгінгі таңда ол осы қаладағы мешіттердің бірінде азаншы ретінде қызмет атқарады. Карантин кезінде су құбыры жарылып, сусыз қалған жағдайда, қала әкіміне өтінішін айтқан. Кейін өз тарапынан Асқар Өкенұлы бірден уәдесін беріп, алдағы уақытта қолғабыс ететінін де жеткізді. Енді, міне, «уәде – Құдай сөзі» демекші, қала басшысы сөзінде тұрып, Жанғозина, 1 көшесінде тұратын Әзімнің үйіне ауыз су кіргізуге көмек қолын созды. Нақтырақ айтқанда, 500 метр тереңдікте жер қазылып, су құбыры орнатылды. Бір айта кетерлігі, осы жұмыстың нәтижесінде Ә.Қуатбайдың отбасынан бөлек, осы жерде тұратын 5 отбасы да ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.
Қазанның екінші жексенбісі аталып өтілетін мүгедектер күні қарсаңында мүмкіндік шектеулі жан үшін бұл бір жақсы жаңалық деуге болады. Осындай игі іске риза болған Әзім Қуатбай қала әкімі Асқар Мұқашевтың азаматтығына риза болып, алғысын білдіруде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях