Қаскелеңде жол бойындағы саудагерлерге арнайы орындар беріледі

Қаскелеңде жол бойындағы саудагерлерге арнайы орындар беріледі

Қаскелең қаласындағы республикалық маңызы бар жолдар бойында саудамен айналысатындарға арнайы сауда орындары берілетін болады. Осыған байланысты бүгін қала әкімі Асқар Мұқашев саудагерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нақтырақ айтқанда, қала әкімі учаскелік полиция өкілдерімен бірге жоғарғы және төменгі трассалар бойында сауда саттықпен айналысып отырғандармен сөйлесіп, бұл жолдардағы жүру жылдамдығы 90-нан жоғары болғандықтан мұндағы сауда тұрғындардың, көлік жүргізушілерінің өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін түсіндірді. Және де осы мәселені шешу үшін жолдан алшақ жерлерден арнайы сауда орындары бөлінгендігін айтып, ертеңнен бастап сол жаққа көшу қажеттігін жеткізді.

Асқар Мұқашевтың айтуынша, жоғарғы трассаның бойындағы саудагерлер жол айрығынын (перекресток) жанында, ал төменгі трассаның саудагерлері «Royal Petrol» жанармай бекеті жанындағы аялдаманың қасындағы арнайы дайындалған орындарға барып тұру керек.

Егерде саудагерлер бүгінгі ескертуге құлақ аспай, жол бойында тұра беретін болса, онда оларға әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 204-бабы бойынша айыппұл салынатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях