ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды тапсырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Асқар Мамин өңірлердегі инфляция мәселесін көтерді және жағдайдың белгіленген шектен шығып бара жатқанын атап өтті.
– Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында инфляцияның аздаған өсімі байқалады. Бұл негізінен агороөнеркәсіп тауарлары бағаларының өсуінен байланысты болып отыр. Қазір жеміс-жидек пен көкөністердің маусымы, сондықтан бағалар арзандатылуы керек. Әкімдер әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау бойынша нақты шаралар қабылдасын, –деп тапсырма берді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Ұлттық банк басшысының хабарлауынша, биылғы мамыр айында айлық инфляция 0,6% құрады. Жылдық инфляция 5,3% дейін көтерілген.