Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып Мәдина Әбілқасымова тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Мәдина Ерасылқызы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы, Колумбия мен Гарвард университеттерін «халықаралық экономикалық қатынастар» мен «экономикалық саясатты басқару» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын ҚР стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы болып бастаған. 2003-2004 жылдар аралығында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы, 2004-2006 жылдары «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры, 2006-2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары, 2008-2011 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болған. Сондай-ақ, 2011 жылғы қыркүйек айынан бастап 2013 жылдың ақпан айына дейін ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі, 2012 жылы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2018-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, биылғы жылдың наурыз айының 12-де ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министр болып тағайындалса, ал, 28 наурыздан бастап осы уақытқа дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях