Қарттар күніне орай қарияларға құрмет

0
3420

Үлкенге құрмет – кішіге ізет көрсету адамның ең жоғарғы қасиеттерінің бірі.

1қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, ауданымызға қарасты қала және ауылдық округтердің басшылары қазыналы қарияларың мерекелерімен құттықтады. Әсіресе Қаскелең қаласының әкімі бүгін Асқар Мұқашев қаламыздағы бірқатар мейрамханаларында ақ дастархан жайып, 200-ден астам аудан зейнеткерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша, аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен қала әкімі Асқар Өкенұлы ауданымыздағы құрметті қарияларымызды қарт майдангері, партизан-жазушы Үсенбай Тастанбеков пен ұлы Отан соғыс ардагері, төрт мәрте Мәскеуде болған жеңіс шеруіне қатысқан Фёдор Фёдотовты арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. Сан жылдардағы еліміздің дамуы жолындағы еселі еңбектерімен бүгінде ел құрметіне бөленіп отырған, көпті көрген қарттар аудан мен қала басшыларының бұл кішіпейілділігі мен ілтипатына риза болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь