Қариялар күні мерекелік той думанға ұласты

Қариялар күні мерекелік той думанға ұласты

Бүгін баршаңызға белгілі елімізде қарттар күні. Қарияларымызды қадірлеп, кішілердің ізеттілігі білінетін осындай мерекенің жан-жақты насихатталуы заңдылық. Әсіресе, атымтай азаматтардың ата-әжелерімізді ерекше құрметтеуі өте көңіл қуантарлық нәрсе. Соның бір дәлелі бүгін ауданымыздың маслихат депутаты Әділ Әділхановтың қарияларымызға керемет мерекелі көңіл-күй сыйлауы. Халық қалаулысы Ұмтыл ауылдық округінің 80 ақсақалы мен әжелеріне арнап «Khama park» мейрамханасында ақ дастархан жайды. Атаулы күннің той думанға ұласып өткізілуі қарттарымызды балаша қуантты. Мерекелік кеште аталмыш округтің әкімі Ришат Құлыншақов та болды. Ауыл басшысы ретінде ата-әжелерді құттықтап, сөз арасында Әділ Серікханұлына ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.

Одан бөлек думанды ортаның қызығы қарияларымыздың ансамбль болып өз өнерлерін көрсетулерімен ерекшеленді. Ауыл ардагерлерінен хор, трио болып құрылған өнерпаз жандардың ән-шашулары кешті жандандыра түскендей.

Той думанның барысында Ұмтыл округінің ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының атынан маслихат депутаты Әділ Әділхановқа алғыс хат пен ат ұстар азамат болып, елдің қалаулысы болсын деген ниетпен қамшы табыс етілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях