Қарасайлық журналистер – үздіктердің қатарында

Қарасайлық журналистер – үздіктердің қатарында

Қарасайлық БАҚ өкілдері Алматы облысы бойынша үздіктердің қатарынан табылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қаламмен қаруланып, жаңалықтың жаршысы атанып жүрген жетісулық журналистердің еңбектері кешегі өткен «Самғау – 2021» байқауында бағаланды. Облыстың үздіктері бас қосқан салтанатты кешке Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев арнайы қатысып, журналистика саласында қалтқысыз қызмет етіп жүрген мықтыларды марапаттады. БАҚ өкілдері арасында бағы жанған үздіктердің қатарында қарасайлықтар да болғанын айта кету керек.

Жетісу жерінің жаңалығын жалпақ жұртқа жария етіп жүрген журналистердің салтанатты кешінде алдымен облыс әкімі Қанат Бозымбаев құттықтау сөз сөйлеп, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Самғау» байқауының орны бөлек екенін айтты. Сөз соңында облыс әкімі алдағы уақытта бұл доданың бұрынғыдан өзгерек болатынын түсіндіріп, ақпарат саласының өкілдеріне деген ыстық ықыласын білдірді. Одан кейін өңір басшысы Қанат Алдабергенұлы сахна төрінде байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Үздік атанған БАҚ өкілдерінің арасында ауданның атын танытқан екі номинация бойынша журналистер де құрметке бөленді. Оның ішінде әр жыл сайын мықтылармен бәсекелесіп жүретін «Atlant Media» (Заман жаршысы) ЖШС-нің иелігіндегі Karasayinfo.kz желілік басылымдардың арасынан үздік деп танылып, оның басшысы Атлана Исаеваға лайықты марапат табыс етілді. Ал, облыстың үздік тілшісі болып «Заман жаршысы» газетінің журналисі Бұрым Орынбасар І орынға ие болса, дәл осы басылымның тілшісі Дидар Мәлікұлы ІІІ орынға лайық деп танылды.

«Самғау – 2021» байқауына биыл 120-дан астам өтініш келіп түскен. Соның ішінде 12 номинация бойынша 33 БАҚ өкілінің материалы жоғары бағаланды. Сонымен қатар, биылғы бұл додада Бейсен Құранбек атындағы номинацияның жеңімпазының есімі де аталды. Бұл құрметке облыстық «Жетісу» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Гүлжанат Мақұлжанова ие болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях