Алда келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округінде орналасқан «Úshqońyr» балалар мен жасөспірімдер спорт кешені бүгін алғашқы рет марафон ұйымдастырды. Оның барысында 250-ге жуық жас спортшылар саламатты өмір салтын насихаттап, белсенділік танытты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
«Úshqońyr» кешенінің директоры Дәурен Төлегенұлының айтуынша, бұл шара мейрамды атап өтіп, бүлдіршіндер мен жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Марафонға қатысқан жас желаяқтар Жібек жолы-Мақатаев көшесінің қиылысынан бастап аталған спорт мектебінің алыңына дейін жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жолды еңсерді.
Саламатты өмірді насихаттаған спорттық шара соңы «Жаса Қазақстан» әніне орындалған үлкен флешмобпен тәмамдалды.