Жыл сайын Белоруссия елінде өтетін «Славянский базар» байқауында биыл Қазақстанның атынан жерлесіміз, «Қалбибі» өнер студиясының шәкірті Шерхан Арыстан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанаты бүгін өтеді. Ән байқауына 17 елдің өкілі қатысып, өз мемлекеттерінің намысын қорғайды. Қазақстанның атынан бақ сынап жатқан Шерхан Арыстан ұстазы Қалбибі Абдуллаевамен кешеден бері дайындық үстінде. Қарасайлық жас әнші бүгін алғашқы әнін орындайды.
ТМД елдерінің әншілері өнер көрсететін бұл байқау шілде айының 12-17 күндері өтеді деп жоспарлануда. Жарыстың соңғы күнінде жеңімпаздың есімі белгілі болады.
Айта кетейік, осыдан 5 жыл бұрын дәл осы байқаудан қарасайлық, «Қалбибі» өнер студиясының шәкірті Әбілқайыр есімді жас талант өнер көрсетіп, үздік үштіктен көрінген болатын.
Биылғы халықаралық өнер додасына түсіп жатқан Шерхан Арыстанға тек сәттілік тілейміз!