Қарасайлық соғыс ардагерлеріне қанша теңге берілді?

Биылғы Жеңістің 78 жылдығын Қазақстан бойынша 237 ардагер атап өтейін деп жатыр. Бұл ресми деректі жақында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі жария еткен болатын. Ал көзі тірі батырлардың үшеуі біздің Қарасай ауданында тұрып жатыр. Олар –Адиш Абдраимов, Чайке Ыдырысов және Павел Половой, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мемлекет тарапынан оларға әдеттегідей қаржылай қолдау еш ұмыт қалған емес. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Оның көлемі – 1,5 млн теңге.

Қарасайлық ардагерлердің әрбіріне де дәл осындай тиісті ақша беріліп, сый-құрмет көрсетілді. Одан бөлек басқа санаттағы соғыс зардабын көрген адамдар да мереке аясында біржолғы әлеуметтік көмекке ие болды.

Атап айтар болсақ, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңндерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған 40 әскери қызметшіге 100 мың теңге, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланған немесе мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарында жұмыс істеген бір адамға 100 мың теңге, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған бір адамға 60 мың теңге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 20 жесіріне 30 мың теңгеден, 44 тыл еңбеккеріне 30 мың теңгеден, Чернобыль апатынан зардап шеккен 49 азаматқа 150 мың теңгеден, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі ТМД шекарасын күшейтуге үлес қосқан 84 әскери қызметшіге және Ирактағы халықаралық бітімгершілікке қатысқан жалғыз азаматқа 150 мың теңгеден, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 22 азаматқа 150 теңгеден, сонымен қатар ақпан айында Ауған соғысына қатысқан 248 азаматқа 150 мың теңгеден берілді. Бұл ресми деректі Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мәлім етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях