Қарасайлық өнертапқыштардың ұлттық өнімі

Қарасайлық өнертапқыштардың ұлттық өнімі

Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан Сулеймен Демирел университеті жыл сайын білікті мамандарды даярлаудан алдыңғы орында. Ғылым мен технологияны серік еткен жастар осы білім ошағында бірнеше жоба аясында жұмыс жасап, білімдерін шыңдап та жүр. Олардың мақсаты рухани құндылықты, ұлттық сананы заман ағымымен жарыстыра жаңғырту. Сондай-ақ, талантты түлектер Елбасымыз ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында да бірнеше жобаны іске асырып келе жатыр. Нақты айтқанда, аталмыш білім ордасындағы «Sana Academy» атты IT саласында жұмыс атқаратын кешенді мектептің мамандары болып қызмет етуде. Өздері командалық ұжым болып қалыптасқан төрт жігіттің әрқайсысы өз ісінің шеберлері екенін танытып та үлгерді. Іштеріндегі Нұрсұлтан Әжімұратов осы мектепті қалыптастырып, онымен қоса, жобаның жетекшілік міндетін де атқарып жүр. Оның жанындағы Арман Усупов, Бақытжан Шабдукаримов және Нұрбек Молдағалиев сынды тіс қаққан жас біліктілердің де орны ерекше. Енді осы азаматтардың елімізде басқа баламасы жоқ отандық өнімдеріне кеңінен тоқтала кетсек.

4D кеңістіктегі озық технологиялар – шынайы ғаламды көрсететін таңғажайып туындылар. Дамыған мемлекеттерде бұған сұраныс өте жоғары. Ал біздің елде енді қолданысқа еніп келе жатыр. Осы бір технологияны жетік меңгерген – жаңағы біз мақтанышпен айтып отырған «Sana Academy» мектебінің жігіттері. Олар Zhanuar 4D мен Baqsha 4D виртуалды карталарын ойлап тапты. Бір қызығы бұл карталар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейтіндей етіп құрастырылған. Оларды пайдалану үшін аса бір артық жұмысты да қажет етпейді. Бәріміз күнделікті өмірде қолданып жүрген смартфон телефондарымызға Playmarket немесе Appstore бағдарламасы арқылы мобильді қосымшасын жүктесеңіз жеткілікті. Соның арнайы камерасына виртуалды картаны жақындатсақ, ондағы жануарлар мен жеміс-жидектерге жан біткендей, шынайы өмірдегідей көріністерді көреміз. Мәселен, Zhanuar 4D қосымшасында жануарлар тірілгендей бейне көрсетеді, онымен қоса үш тілде атауы айтылып, шынайы іс-қимылдарымен ерекшеленеді. Ал, Baqsha 4D қосымшасы көкөністерді жаңа піскендей етіп бейнелеп қана қоймай, ол да үш тілде сипатталып, қалай аршылып, кесілу көріністерін ұсына алады. Сондай-ақ, жас мамандар бұл виртуалды карталарды құрастыруға 3-6 ай көлемінде ғана уақыт жұмсаған екен.

Келешекте «Sana Academy» ұжымы бұл жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, бірнеше 4D өнімді жобаларды іске асырсақ деген ойлары бар. Солардың бірі – латын әліпбиін жаттауға қолайлы дүние жасап шығару. Мысалға, жас ұрпаққа латын әліпбиін жаттатып қана қоймай, ғұлама, ойшыл, даналардың туындыларын дыбыстық жүйе арқылы оқып, жаттау сияқты артықшылықтарды ойластыруда. Жас мамандардың бұл жоспарлы жаңалықтарынан бөлек тағы бір ерекше тың дүниелері халық назарына ұсынылмақ. Ол отандық туризмді насихаттау мақсатында жасалынатын «Виртуалды қазақ үй» жобасы. Оның басты құндылығы – XVII-XVIII ғасырдағы халықтардың тұрмыс-тіршілігін өз көзімен тамашалай алуы. Яғни, VR көзілдірігі арқылы киіз үйдің ішіне еніп, сол дәуірдің өмір сүру кезеңін шынайы түрде елестете алу. Мұндағы, VR көзілдірігі – осы жобаның басты құралы іспеттес. Оның қызметі – көріністі 360ºC кеңістікте көрсету.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях