Қарасайлық Назерке Торпакова үздік қолөнер шебері атанды

0
713

Кеше облысымыздың орталығында «Дарынды іске» атты ІІ облыстық өнер шығармашыларының байқауы өткен болатын. Аталмыш байқауда біздің ауданымыздың жұртшылығын өнерімен тәнті етіп жүрген жас қолөнер шебері Назерке Ерболқызы жеңіске жетіп, ауданның абыройын асқақтатып келді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының аясында, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген дүбірлі шарада өз туындыларын облысымыздың аудандарынан келген жас қолөнершілер мен қылқалам шеберлері ұсынды. Көптеген жұмыстардың арасында Назеркенің туындылары үздік деп танылып, ол Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Мәрлен Көлбаевтың атынан Дипломмен марапатталды.
Айта кетейік, қарасайлық Назерке Торпакова қолөнер шеберлігімен 15 жасынан айналыса бастаған. Өзінің дарынды жұмыстары арқылы көптеген аудандық, облыстық байқауларда көп ішінен топ жарып, жеңіске жеткен. Бүгінде ол ата-бабаларымыздан қалған төл өнерімізді жас ұрпаққа насихаттау мақсатында жақында ауданымызда ашылған Асау-Барақ мектебінде оқушыларға қолөнер шеберлігін үйретуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь