Қарасайлық еріктілердің еңбектері еленді

Қарасайлық еріктілердің еңбектері еленді

Ауданымызда коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қарасайлық еріктілер де үлкен жұмыстар атқаруда. Олар денсаулық сақтау мен құқық қорғау органдарымен қатар елімізде орын алған қиын сәтте қауіпке қарамастан көмекке мұқтаж отбасылар мен жалғыз басты қарияларға көмек көрсетіп, қайырымдылық шараларына белсене атсалысты. Осы ретте бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың қатысуымен өткен жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы жиынында белсенділік танытқан еріктілер марапатталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудан басшысының төралығымен өткен жиында күн тәртібіне сәйкес алдымен аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова ағымдағы жылы жастар саясаты саласында Қаскелең қаласы мен ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Ол өз баяндамасында биылғы жылы жастар арасында жұмыссыздық санын азайту мақсатында «Жасыл ел», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қанша жас қарасайлықтардың жұмыспен қамтылғаны жөнінде, аудан жастарымыздың облыс және республика көлемінде өткен байқауларда қандай жетістікке жеткендері жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, жергілікті әкімдіктер мен «Nur Otan» партиясы, «Наурыз жәрдемі», «Халық» қайырымдылық қоры сияқты ұйымдармен бірігіп, карантин кезінде мұқтаж адамдарға көрсеткен көмектері жайлы кеңінен әңгімеледі. Мұнан кейін күн тәртібіндегі екінші жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша аудандық Жұмыспен қамту орталығының басшысы Эльмира Тасырова баяндап, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға «Еңбек», «Бизнес бастау» және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында жұмыспен қамтылып, мемлекет тарапынан бөлінген гранттар арқылы өз бизнестерін бастаған жас қарасайлықтар жайында кеңінен түсіндірді.

Жастардың бір жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы қорытынды баяндамаларды оқылып болғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова сөз алып, волонтерлердің қоғамдағы маңыздылығына тоқтала отырып, әр кезде қайырымды істердің басы-қасында жүретін жастарға шын жүректен алғысын білдірді.

Санитарлық талапқа сай өткізілген жиын соңында аудан басшымы Жандарбек Ермекұлы «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акция аясында ерікті ретінде белсенділік танытқан жастарға ризашылығын білдере отырып, өз атынан Алғыс хат пен «Жыл еріктісі – 2020» деп аталатын сыйлықты табыстады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях