Қарасайдағы жоғарғы трасса пайдалануға беріледі

Қарасайдағы жоғарғы трасса пайдалануға беріледі

Алматы агломерациясын ғана емес, жалпы елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға арналған «БАКАД» құрылысы қарқынды жүруде. Оның жалғасы болып табылатын жоғары трасса жақын арада пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бұл ақпаратты күре жолға жауапты «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы хабардар етті.

Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысы 2018 жылдың 31 мамырында басталған. Қазіргі таңда тасжолдың бойындағы құрылыс алаңына 1556 адам жұмылдырылған. Құрылыс-монтаждауы жұмысы жалпы ұзындығы 66 км-де жүргізіледі. Қазіргі таңда желілерді жою бойынша жұмыстары 98%-ға орындалған. Көпір құрылыстарына қатысты істері 92% шамасында, ал жер қазу жұмыстарының бүгінгі нәтижесі 64%-ды құрайды. Су өткізгіш құбырларын орнату жұмысы 90%-ға дейін аяқталған.

Белгілі болғандай, осы ҮАААЖ-дың құрылысына байланысты ағымдағы жылдың 2 мамырынан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш» (22-24 шақырымдары аралығы) тас жолының учаскесі уақытша жабылған болатын. Осы маңдағы жұмыс басталғалы көлік жүргізушілер жабылған учаскені Қырғауылды ауылындағы Көкдала және Іңкәрбеков көшелері, Райымбек ауылындағы Сүйінбай және Наурыз көшелері арқылы айналып өтуде. Тиісті жол белгілері, бағдаршамдар орнатылды.

Дәл осы тасжолдың белгіленген учаскесі ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін бітіп, пайдалануға беріледі. Бұл жағымды жаңалықты «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Алмат облыстық филиалы хабардар етті. Осылайша тамыз айына дейін бітеді деп жоспарланған жоғары трассадағы жолдың жағдайы жақсарып, құрылысы мерзімінен бұрын аяқталады. Ал «Алматы – Бішкек» тасжолындағы БАКАД-тың жұмысы нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, көліктерге арналған жер үсті көпірінің астындағы автомобиль жолақтары көп ұзамай, ары кетсе тамыз-қыркүйек айларында ашылады. Көпірдің және жан-жағындағы құрылыстары сәйкесінше еш кедергісіз жалғаса береді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях