Қарасайдағы қоғамдық көліктер – депутаттың тікелей бақылауында

Қарасайдағы қоғамдық көліктер – депутаттың тікелей бақылауында

Қарасай ауданына арнайы келген Мәжіліс депутаты Данияр Әлімбаев бүгін «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттармен қоғамдық көліктерге қатысты мәселені тағы қозғады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Осы жолғы жиынға Қарасай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Жанат Шакиров пен «Қаскелең автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Арыстан Мананов арнайы шақырылды.

Көтерілген басты мәселенің бірі – аудан арасындағы қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі. Одан бөлек, Қаратөбе сияқты шалғайдағы ауылдарға қатынамауы сөз болды. Бұл мәселенің оңтайлы шешілмей жатқандығын осы салаға жауапты маман Жанат Ержанұлы субсидиямен байланыстырды. Оның айтуынша, маршруттардың жалпы қозғалуы 257 шақырымды құрайды. 12 көліктің 6-ы «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-нің шығындарын өтемеуіне байланысты тоқтатылған.

Аталған мәселе Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының субсидия бөлінуімен байланысты болғандықтан, оның шешілуіне Мәжіліс депутаты Данияр Кеңғазыұлы қолдау білдіретінін айтты. Яғни, ол жақын күндері Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа арнайы хат жолдап, назарда ұстайтынын айтты.

Одан бөлек, жиын барысында қарасайлықтар жолақысын тиімді төлеу үшін Алматы қаласында жүретін автобустардағы «Оңай» жүйесі де талқыланды. Бұл тәсіл жеңілдікпен жүретін оқушылар, зейнеткерлер және басқа да әлеуметтік топқа жататын тұрғындар үшін керемет мүмкіндік екені түсіндірілді. Сонымен қатар, Алматы қаласынан тікелей ауданға қатынайтын қоғамдық көліктерді қарастыру жағы да айтылды. Бұл айтылған мәселелерді халық қалаулысы Данияр Әлімбаев жеке бақылауына алып, Алматы облысы мен Алматы қаласының басшыларына, осы салаға жауапты басқармаға арнайы хат жолдап, біржақты шешуге атсалысатынын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях