Қарасайдағы КТ құрылғысының жиі істен шығуына не себеп?

Қарасайдағы КТ құрылғысының жиі істен шығуына не себеп?

Тақырыпқа арқау болған мәселе жөнінде қарасайлық дәрігерлер жауап берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Коронавирус індеті өршіген уақытта медициналық құрылғылардың ішінде ең таптырмасы болып табылатын компьютерлік томографияның (КТ) қажеттілігі қатты білінді. Ішкі ағзалардың үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік беретін рентгендік зерттеу құрылғыларының бірі Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасындада бар екенін айта кеткен жөн. КТ-ның қызметінің арқасында қазіргі таңда COVID-19 инфекциясының кесірінен өкпесі қабынғандар бірден анықталып, дер кезінде ем қабылдауда. 240 кг салмаққа дейін науқастарды қабылдайтын КТ-ның соңғы кезде сырқат санының артуына байланысты бұзылуы да жиілеуде. Осыған байланысты қазіргі таңда 100 кг-нан асатын адамдар бұл құрылғыда тексеріле алмайды. Оған қатысты ауруханаға келушілер де наразылықтарын білдіруде. Мәселенің мән-жайын білу үшін аудандық орталық аурухананың жауапты мамандарынан ақпарат алуға тырыстық. Олар да мұндай мәселенің туындағанын жоққа шығармады.

– «Компьютерлік томография» құрылғысы біздің Карасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында 2019 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Бұл құрылғы қазіргі эпидемиологиялық жағдайда дәрігерлерге таптырмас диагностикалық әдіс болып табылады. КТ аппараты 24 сағат жұмыс уақытында Карасай ауданынан бөлек Жамбыл ауданының науқастарына да қызмет етуде. Сол себепті тәулігіне 150-170 науқас кабылдауға тура келеді. Осындай адам санының артуына байланысты құрылғы бірнеше рет істен шыққанын айтуға болады. Оны жөндеу үшін Ресей елінен арнайы мамандар шақыртылды, – деп түсіндірді рентгенолог-дәрігер Ұлдай Айымбетова.

Қазіргі уақытта КТ аппаратының жүктемесіне артық салмақ түсірмес үшін жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Бұл жайында Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Руслан Куккузов айтты.

– Эпидахуалға байланысты бүгінгі таңда КТ құрылғысының біз үшін қызметі зор. Науқас санының артуына орай жүктемеге көп салмақ түскендіктен, аппараттың істен шығуы жиі қайталануда. Соған байланысты қазіргі уақытта жоғары салмақтағы сырқаттарды қабылдайтын КТ құрылғысы бар медициналық мекемелермен келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Осылайша мәселені оңды шешу жағын қарастырудамыз, – деп мән-жайдың барысын жеткізді Руслан Ерланұлы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях