Қарасайда «Отбасы банкінің» кеңес беру орталығы ашылды (Видео)

Қарасайда «Отбасы банкінің» кеңес беру орталығы ашылды (Видео)

Көптеген қазақстандықтардың үйлі болуына тиімді ұсыныстарын ұсынатын «Отбасы банкінің» қолжетімді қызметі тағы бір кеңсесімен толықты. Ауданымызда орналасқан еліміздегі ең ірі «Аport» сауда-ойын-сауық орталығында күні бүгін аталмыш банктің кеңес беру орталығы ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Санитарлық талапқа сай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов арнайы қатысып, ұжымдастарының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Дәл сол сияқты бұл маңызды сәтке «Aport» ойын-сауық сауда орталығының директоры Дмитрий Ревин де куә болып, «Отбасы банкінің» ұтымды тұстарын айтып, пайымды пікірін білдірді. Осылайша құрметті меймандар өздерінің ақ тілектерін жеткізіп, жаңадан ашылған кеңсе ортылығының қызыл лентасын қиды. Алдағы уақытта бұл орталық Қазақстанның барлық тұрғынына банктің түрлі қызметтерін ұсынып, баспанаға бастайтын бағыттарын көрсетеді. Осындай кеңселердің жұмыс барысын бағамдайтын «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Ерболат Едігеев сөзіне сүйенсек, бұл орталық арқылы кез келген адам баспанаға жету жолында нақты қадамдарын жасай алады. Сонымен қатар, кеңсе ортылығында клиенттер депозит ашып қана қоймай, несие рәсімдеу үшін де өтінім бере алады. Аталған қызметтердің барлығы тегін түрде білікті мамандардың нұсқауымен жүзеге асырылады.

Обсуждение: 1 комментарий
  1. Айнур
    Ответить

    Құтты болсын!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях